Жамбыл облысында жазушы шығарып, ақын тудыратын аудан бар. Иә, тура мағынасында солай. Талас ауданының топырағы таланттарға өте бай.
Қазақ әдебиетіне соңғы жарты ғасырдың өзінде елуден аса қаламгер қосқан. Бұл ретте аймақтағы өзге аудандарға қарағанда алдыңғы қатарда. Күләш Ахметова, Серік Томанов, Нарша Қашағановтардың ізін жалғаған жастары да жетерлік. Бүгін аталған ауданның кітапханашылары Кітап күні қарсаңында өз таланттарын тараздық оқырмандарға таныстырды. Кейбірімен кездесу өткізіп, ашық аспан астында көшпелі кітап көрмесін өткізді. Жеткіншектер жерлес ақындарының жырларын жатқа соқты. Енді облыс орталығынан бастау алған бұл шара жаппай ауылдарда өткізілмек.
Шынар Жұмабекова, Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры:
Таластың топырағы киелі, қасиетті. Кез келген ақынына, кез келген баласынан сұрасаң, өлеңмен жауап береді. Ұлбике ақынымыздың өзі 13 жасында тілі өлеңмен шыққан. Бүгінгі жас ақын, жазушыларымыздың бет алысы, таланттары өзінің топырағына тартып туғаны байқалады.
Данияр Әлімқұл
