Павлодардағы «Атлетик» спорт клубы бүгін жабық тұр. Ал жол апатынан қаза тапқан жаттықтырушы Әлібек Жандарбекұлы футболдан жаттықтырушы болып 10 жылдан артық жұмыс істеген. Облыс орталығындағы футбол орталығы мен «Ертіс», «Ақсу» клубтарында қызмет еткен.
Ал спорт клубы жекенің меншігінде. Мұнда 5 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер жаттыққан. Бұған дейін балалар футбол командасы Омбы, Мәскеу және Қазақстанның барлық өңірлерінде өткен чемпионаттарға қатысып, жүлдегер атанған.
Нұржан Досов, ата-ана:
Осындай қайғылы жағдай болды. Кеше Астанаға жолға шыққан кезде. Өзім ата-ана ретінде көңіл айтамын.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров балалар футболының бапкері Әлібек Жүсіповтің жол апатына түсіп, мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі.
Болат Аманбаев
