Қарағанды облысында археологтар құнды жәдігерлерді тапты
Қарағанды облысында археологтар соңғы төрт жыл ішінде өте сирек кездесетін құнды жәдігерлерді тапты. Арасында ерте темір дәуіріне жататын бірегей тұрмыстық бұйымдар мен сол замандағы адамдардың сүйектері де бар. Мұндай бұйымдар Жетісу өңірінде жиі кездескенімен, Орталық Қазақстанға да тән. Барлық артефактілер Шет ауданындағы Талды тарихи-археологиялық паркінде жүргізілген зерттеу кезінде табылған. Жәдігерлер енді облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталады.
Ержан Нұрмағанбетов, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:
Енді шынымды айтсам, музей қызметкері ретінде, музей басшысы ретінде біздің енді қуанышымызда шек жоқ. Өйткені көптеген өзіміздің өңірде табылған жәдігерлер музейге тапсырылып жатыр. Бұл деген үлкен қуаныш. Сақтау жағынан біздің мұражай барлық заманауи құрылғымен қамтылған.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58