Қарағанды облысындағы ауыл ауызсудан таршылық көріп отыр
Қарағанды облысы Шерубай-Нұра ауылы ауызсудан таршылық көріп отыр. 100-ден аса тұрғыны бар елдімекен қысы-жазы бір құдықтан су тасып ішеді. Оның өзі беті ашық, ішінен құрт-құмырысқадан бастап құстардың өлексесіне дейін табылатын көрінеді.
Ашық Ақтаев, Шерубай-Нұра ауылының тұрғыны:
Мынау - біздің су сақталатын резервуар. Халық айтқандай құрт-құмырсқамен ішеміз. Суға құстар құлайды, солардың жүнімен, етімен қосып ішіп жүрміз.
Аудан басшылары биыл жөнге келтіреміз деп уәдесін берді. Алайда ауылда судан бөлек мәселелер жетіп артылады. Елдімекеннің жолы да, инфрақұрылымы да жоқтын қасы.
Еркебұлан Асқаров, Абай ауданы әкімінің орынбасары:
Бәрін шешеміз. 8 колонканың 2-уін алып тастап, 6-ын жаңартамыз. Оған 2 ай уақыт кетеді. Ал башня бойынша біраз уақыт алады. 2-3 айға дейін істеп бітіреміз.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58