Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Chevron арасындағы стратегиялық әріптестік, ірі инвестициялық жобалар, соның ішінде газ және мұнай химиясы өндірісі талқыланды. Мемлекет басшысы Chevron компаниясының энергетика саласын тұрақты дамытудағы рөлін атап өтіп, Майкл Уиртті «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасының аяқталуымен құттықтады. Сонымен қатар отандық компаниялардың мұнай-газ секторындағы үлесін арттырудың маңыздылығына тоқталып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Майкл Уирт Қазақстан компанияның стратегиялық әрі сенімді серіктесі болып қала беретінін жеткізді. Сондай-ақ «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны 1993 жылдан 2024 жылға дейін елімізге айтарлықтай инвестиция салғанын айтты.
Серік Жұмабек
