Қарағандыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың негізгі көшелері қоқыстан тазартылды. Тазалық шарасына мердігерлік ұйым қызметкерлері, коммуналдық мекеме өкілдері мен ерікті жастардан құралған жүзге жуық адам қатысты. Олар 5 шақырымнан аса көше бойы мен аллеяларды тазалап шықты. Табиғат жанашырлары ағаштарды бұтап, жол жиектерін ретке келтірді.
Алмаз Сламбеков, ерікті:
Жүзден аса адам қаланың орталық негізгі көшелерін тазалаймыз. Бұл шараның маңызы – қаламызды таза ұстау, өзіміз тұрып жатқаннан кейін айналамызды тазалап, барлығымыз көмектеспесек онсыз болмайды.
Жандос Бақытұлы
