Абай облысында жеңістің 80 жылдығын екі ардагер ғана қарсы алады
Абай облысында биыл жеңістің 80 жылдығын екі ардагер ғана қарсы алады. Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы Абыралы ауылында дүниеге келген. Жиырма жасында сұрапыл соғысқа аттанып, Сталинград, 1-ші Украина, 1-ші Беларусь және 3-ші Балтық майдандарында шайқасты. «Қызыл жұлдыз». 1-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. Ардагер 103 жасқа келген. Ал Иван Шевцов майданға 18 жасында аттаныпты. Польша мен Чехословакияны азат еткен. 2-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерін иеленген. Соғыстан кейін ұзақ жыл Семейдегі кәсіпорындардың бірінде еңбек еткен.
Иван Шевцов соғыс ардагері:
Мен ол кезде Рижск әскери округінде болатынмын. Біз қатарға тұрып түскі асқа бара жаттық. Сол кезде кенеттен соғыстың аяқталғаны туралы хабар келді. Сол кездегі қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Бөркімізді аспанға аттық, қуаныштың көз жасымен бір-бірімізге құтты болсын айттық.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58