Қызылордада «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында мың түп тал отырғызылды. Қала орталығындағы саябақтағы игі іске «Amanat» партиясының белсенділері мен жоғары оқу орнының ұстаздары және студенттері атсалысты.
Көпшілік әуелі шашылған қоқыстарды тазалап, арық жүйелерін қалыпқа келтірді және өңірге жерсінген терек, қарағай және сыр талдарының көшеттерін жағалай отырғызып, саябаққа бір мезетте мың түп тал егілді. Алдағы уақытта айнала жасыл желекке оранып, тұрғындардың серуен құратын демалыс орнына айналмақ.
Алмасбек Есмаханов, «Amanat» партиясы ҚОФ төрағасы:
Мұның негізгі мақсаты – туған жерімізді таза ұстау. Айналамызды жасыл желекке айналдыру және болашақ ұрпаққа саялы ағаш қалдыру. Осы бағытта жерлестерімізді айналамызды көркейту мен көгалдандыруға шақырамын.
Әділбек Серікұлы
