Биыл сыр өңірінде 193 мың гектар жерге дәнді-дақыл егіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл сыр өңірінде 193 мың гектар жерге дәнді-дақыл егіледі

31.03.2025

Қызылорда облысында биыл 193 мыңнан аса гектар жерге дәнді-дақыл егу жоспарланып отыр. Сырдария өзенінен түсетін су көлемін болжаған мамандар егін көлемін жылдағыдан едәуір ұлғайтты.

Мәселен, Нарын-Сырдария бойындағы су қоймаларында жинақталған су көлемі былтырғымен салыстырғанда 1 миллиард 400 млн текше метрге артық. Сондықтан егін маусымында судан тапшылық болмауы керек. Сыр диқандары биыл 5,5 мың гектарға майлы дақыл, 73 мың гектарға мал азықтық және 17 мың гектарға көкөніс пен бақша дақылдарын екпек. Аймақ үшін маңызды күріштіктің де көлемі артып отыр.

Асылжан Жарылқасынов, Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:

Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі үш мың гектарға артық. Оның ішінде күріштің көлемі ауыспалы егіс тәртібіне сәйкес, 350 гектарға артады деп жоспарлап отырмыз.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу