Алматыда Гүлнафис Баязитованың 100 жылдығына арналған «Қобыз падишасы» атты концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Гүлнафис Баязитованың 100 жылдығына арналған «Қобыз падишасы» атты концерт өтті

08.12.2017

Алматыда Халық әртісі, прима-қобызшы Гүлнафис Баязитованың 100 жылдығына арналған «Қобыз падишасы» атты концерт өтті. Салтанатты шарада қобызшының төл шығармаларымен қатар, әлемнің классикалық туындылары орындалды. Сондай-ақ, Гүлнафис Баязитованың бірнеше күйі басылған үнтаспа қойылды.

Оның ұзақ уақыт ұстаған 60 жылдық тарихы бар аспабы Ықылас атындағы ұлт аспаптары мұражайына табысталды. Жиналғандар ерекше дарынымен қазақ мәдениетіне еңбек сіңірген өнерпаздың өзіндік мектебі де қалыптасып үлгергенін, әрі қобыз аспабын дамытуда атқарған қызметі орасан зор екендігін айтты.

Нұрғиса Дауешов, Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің директоры:

- Прима қобыз аспабын 3 шектен 4 шекке ауыстырған осы Гүлнафис Баязитова апайымыз. Қобызды кемелдендірді. Қазіргі таңдағы жоғары деңгейдегі шығармаларды ойнауға сол қобыз аспабы сай келеді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу