Астанада қалалық Тілдер фестивалінің ашылу салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қалалық Тілдер фестивалінің ашылу салтанаты өтті

09.09.2015
Астанада қалалық Тілдер фестивалінің ашылу салтанаты өтті

Мерекелік шара Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституцияның 20 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Фестивальдің ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.

Аталмыш шараның мақсаты – қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімді ояту, халықтар достығы мен бірлігін, жастар арасында еліміздің дамуына үлес қосуды насихаттау болып табылады. Мерекелік шарада қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

16 қыркүйекте сағат 17.00 «Мега» СОО «Үздік жарнама» байқауы ұйымдастырылады. 18 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау өтеді.

22 қыркүйекте сағат 18.00 «Тілеп қобыз сарайы» концерт залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих пен тіл тамырлас» атты ақындар мүшәйрасы өтеді.

Қазақстан халқы тілдерінің XVII фестивалінің жабылуы 24 қыркүйекке белгіленген.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу