Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған концерт өтті

27.01.2021

Бүгін Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті. Мерекелік шараны «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы өткізді. Жалпы «Қазақконцерт» пен Қазақ радиосы ұжымын көптеген мәдени-танымдық жобалар байланыстырады. Ғасыр құрдасы атанған радионың алтын қорында «Қазақконцертте» еңбек еткен өнер саңлақтарының туындылары сақталған. Мерекелік кеште «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі мен бірқатар өнерпаздар ән шырқады.

Жанғали Жүзбай, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Бұл бір кәсіби өнер жолындағы мәдени қарым-қатынас. Себебі Қазақ радиосының 100 жылдығы болып жатқан кезде өнер ошақтары еш уақытта бейтарап қалмайды. Өзінің төл тойындай санап, тойлап отырады. Сондықтан биылғы жылғы іс-шаралардың бәрі қазақ радиосымен тығыз белсенді байланыста болмақ.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу