Алматыда Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

27.06.2016
Алматыда Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Алматыда 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған «Алаш зиялылары ұлт-азаттық көтеріліс қарсаңында» атты дөңгелек үстел өтті. Белгілі ғалымдар жастармен кездесіп, көтерілістің маңызы туралы баяндама жасады. Танымал тарихшылар ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған егемендікке қалай қол жеткенін, енді оны мәңгі сақтап қалу үшін өткеннен сабақ алу керек екенін айтты. Ұлт тарихындағы маңызды оқиғаның шынайы сипатын жастардың санасына сіңіру үшін мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғаспақшы.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу