Алматы облысының Жамбыл ауданында жаңа мәдениет үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Жамбыл ауданында жаңа мәдениет үйі ашылды

04.12.2017

Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Мыңбаев ауылында қайта жөндеуден өткен «Мәдениет үйі» ашылды. 

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай кешенді қалпына келтіруге аймақ бюджетінен 240 млн. теңге бөлінген. Мұнда сахна заман талабына сай құрылғылармен жабдықталып, көрермендерге қолайлы жағдай жасалған. Бастысы, жастар жағы «Бұл үй - ауылдың мәдени өміріне тың серпіліс береді», - дейді. Себебі, олар бұған дейін мәдени шараларды далада өткізетін. Енді жылдың төрт мезгілінде де түрлі өнер үйренуге мүмкіндік туып отыр.

Роза Жұмбасова, Мәдениет үйінің директоры:

- Бұл үлкен қуаныш. Осыны неше жылдан бері күттік. Бүгін міне, «ақ түйенің қарны жарылды», деп елдің барлығы риза болып жатыр. Бұл халықтың игілігіне ашылған дүние. Сондықтан, жастардан ансамбль содан кейін көркем өнерпаздар ансамблін құрып, осында үлкен жұмыстар атқарамақ болып жатырмыз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу