Жамбыл облысында ауылда жаңа мәдениет үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында ауылда жаңа мәдениет үйі ашылды

23.10.2023

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы Көгершін ауылында мәдениет үйі ашылды. Тұрғындар көптен күткен клуб «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынған. 100-ге жуық адам сиятын ғимарат құрылысы бір жыл бұрын басталды. Енді мәдениет ошағының материалдық-техникалық базасы да нығая түспек. Жаңа нысанның ашылуына келген жергілікті жұрттың қуанышында шек жоқ.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу