Батыс Қазақстан облысында екі жыл жөнделген мектеп қайта ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында екі жыл жөнделген мектеп қайта ашылды

05.10.2023

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында күрделі жөндеуі екі жылға созылған Хан ордасы ауылындағы орта мектеп ғимараты қайта ашылды. Бұған дейін оқушылардың мәдениет үйі мен ескі интернатта сабақ оқып келгенін Ұлттық арна бірнеше рет көрсеткен болатын. Енді, міне, 499 бала жаңа партаға отырды. Оларға 88 ұстаз білім береді. Мектепте 34 сынып бөлмесі, солардың ішінде химия, физика, биология, информатика кабинеттері бар. Спорт залы, асхана да жөнделген. Есік-терезесі, жылу желілері түгел ауыстырылған. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу