Түркияның Джейхан ауданында Қазақ мәдениет үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Джейхан ауданында Қазақ мәдениет үйі ашылды

05.06.2015
Түркияның Джейхан ауданында Қазақ мәдениет үйі ашылды

Түркияның Джейхан ауданында Қазақ мәдениет үйі ашылды. «Бұл - бауырлас Қазақстан халқына деген құрметіміз», дейді аудан әкімшілігі.

Салтанатты рәсімге аймақ басшылығы, Түркияның мәдениет қайраткерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Руханият үйінің ашылу шарасына орай түрік өнерпаздары арнайы концерт ұйымдастырып, ұлттық билерін биледі. 

Ресми шарадан кейін Түркиядағы Қазақстан Елшісі Жансейіт Түймебаев пен Джейхан мэрі Алемдар Өзтүрік мәдениет үйіне қос ел Президенттерінің портреттерін ілді.

Жаңа мәдени мекемеге еліміздің әсем жерлері бейнеленген суреттер, ұлттық аспаптар мен ұлттық киімдер қойылған.   

Бақытжан ОМАР

 

Хабарламаларға жазылу