Қадір түні: Республикалық бас мешітке адамдар жиналып жатыр
Мұсылмандар үшін қасиетті Қадір түнін қарсы алу үшін тұрғындар ауызашардан кейін қаладағы мешіттерге ағыла бастады. Қазір біздің тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес бас мешітте жүр және тікелей байланысқа шығуға дайын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Иә, бас мешітке адамдар жиналып жатыр. Қадір түнін қарсы алуға келіп жатқандардың саны көп. Имамдардың айтуынша, бұл күні көпшілік көңілдеріне медет, жүректеріне иман сұрап қол жаяды, дұға етеді. Биыл Ханафи масхабінің ғалымдары Рамазан айының кез келген тақ түні Қадір болуы мүмкін деп мәлімдеген еді. Бірақ наурыздың 26-нан 27-не қараған түнді бекітті. Міне, адамдардың бәрі қасиетті түнді қарсы алып, сауап аламыз деген мақсатпен жиналып жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек ел көлемінде 2077-ден астам діни ғимарат осы күні жұртшылықты қабылдайды. Айта кету керек, бұл мешіттің ішіне 35 мың адам сияды. Нақтырақ айтсақ, 30 мың орын ерлерге, 5 мың орын әйелдерге арналған. Ауласына да 170 мың адам емін-еркін сыйып кетеді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңғар Нұрланұлы әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына енді
10.09.2025, 18:32

«Барыс» екінші ойында да жеңді
10.09.2025, 18:18
ӘЧ: Кешкі сессияда 7 боксшымыз шығады
10.09.2025, 18:16
Маңғыстау облысында үлгілі ауылдар анықталды
10.09.2025, 18:12
Өзбекстан диқандары қауынды қайта өңдеп, түрлі өнім шығаруда
10.09.2025, 18:04
Алматы облысының Ұйғыр ауданында ҚХА І сессиясы өтті
10.09.2025, 18:00
Түркістан облысында «Келешек мектептері» арқасында орын тапшылығы шешіле бастады
10.09.2025, 17:55
Интеллектуал жастар – ұлттық руханияттың тірегі
10.09.2025, 17:49