Еуропадағы ең ірі әуежайдың жұмысы уақытша тоқтады
Лондонда Еуропадағы ең ірі Хитроу әуежайы уақытша жабылды. Оған қосалқы станциядан шыққан өрт себеп болды. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Төтенше жағдай кезінде электр қуаты өшіп, әуе рейстерінің кестесі бұзылды. Мың жарымға жуық халықаралық және жергілікті ұшақ рейсі доғарылды. Сол маңда орналасқан 16 300 үй жарықсыз қалды. 150 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. «Air Astana» әуе компаниясы да Алматы-Лондон, Лондон-Алматы бағыттары бойынша бүгін ұшатын рейстерді ертеңге шегеретіндігі туралы хабарлады.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» пен «Пафос» тең түсті: Алғашқы ұпай – қоржында
22.10.2025, 10:00

Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28
Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда Kia Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде Kia Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12