Трансшекаралық өзендер деңгейі бақылауға алынды
Батыс Қазақстан облысында трансшекаралық өзендер деңгейі көтеріліп келе жатыр. «ҚазГидроМет» мамандарының мәліметінше, Шаған өзені бір тәулікте 9 см-ге артып, 9.19 метрден асты. Қауіпті деңгей - 1300 сантиметр. Қазір Шаған су қоймасынан Жайыққа мол су жіберіліп жатыр. Өзен деңгейі шарықтау шегіне жеткен соң, су қоймасының қақпалары жабылады. Ресейден бастау алатын Қараөзен, Сарыөзенге де тасқын су ойысып жатыр. Ал Жайық деңгейі Жарсуат ауылының тұсында 3,6 метрге дейін көтерілген. Орал қаласының маңында 2 жарым метрге жетіп тұр. Жалпы өңірде қарғын су мен кіші өзендердегі тасқын кезеңдері өтті. Қазір трансшекаралық дариялардың жай-күйі бақылауға алынды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәскеуде Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті
17.09.2025, 17:45

Мектептердегі кітапхана қорына 2 млн-нан аса кітап қосылды
17.09.2025, 17:39
Архив қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі
17.09.2025, 17:36
Еліміздегі гидротехникалық нысандардың 40% тозған
17.09.2025, 17:33
ЖИ интеллектуалдық ойында да қолданылмақ
17.09.2025, 17:30
Қазақстанның цифрлық болашағы талқыланды
17.09.2025, 17:27
Ауыл шаруашылығы саласында цифрлық жүйе қолға алынды
17.09.2025, 17:24
Инвестициялық ахуал жақсарады
17.09.2025, 17:21