Ел аумағындағы су тасқынына байланысты жағдай тұрақты. Қауіп төнген жағдайда тұрғындарды эвакуациялау үшін мамандар мен техника сақадай сай. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Төтенше жағдайлар министрі айтты. Шыңғыс Әрінов Ресей және Қырғызстанмен тұрақты түрде ақпарат алмасу жұмыстары жүріп жатыр деді. Ал жеделдікті қамтамасыз ету үшін бірыңғай аумақтық орган құрылған. Бұдан бөлек министр басқару жүйесі оңтайландырылып, цифрлық технологиялар енгізілгенін айтты. Нәтижесінде төтенше жағдайлар азайып, адам өлімі 10%-ға, жарақат алғандар саны 8%-ға азайған. Құтқарушыларға жаңа киім үлгісі бекітіліп, әуе кемелері сатып алынды. Былтыр 14 жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Президент су тасқынына қарсы шараларды күшейту және алдын алу жүйесін жетілдіруді тапсырды
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Мемлекет басшысына су тасқыны кезеңі жөнінде баяндадым. Сонымен қатар бір жыл ішінде атқарылған істер жөнінде айттым. Сонымен бірге құтқарушылардың алғысын жеткіздім.
Шерхан Жамбылұлы
