Басты Жаңалықтар Жамбылдағы «Меркі қант зауыты» тәулігіне 4 мың тонна қызылша қабылдайды

Жамбылдағы «Меркі қант зауыты» тәулігіне 4 мың тонна қызылша қабылдайды

Жамбылдағы «Меркі қант зауыты» тәулігіне 4 мың тонна қызылша қабылдауға көшті. Нәтижесінде кезегін күткен көліктер кеш батқанша кіріп үлгеріп жатыр. Қабылдау науқаны бір апта бұрын басталды.
Бүгінге дейін 25 мың тонна өнім жиналған. Шаруалардан қызылша келісі 13 теңгеден қабылданып жатыр. Биыл өңір дихандары кәсіпорынға 300 мың тонна өнім өткізбек. Зауыт желтоқсан айының ортасына дейін қабылдап үлгереміз дейді. Серіктестік өткен жылы тәтті түбір тапсырған 130-ға жуық шаруаға 6 млрд теңге төлеген. Алайда 60-қа жуық адамға 600 млн теңгедей қарыз болып қалған. Былтырғы берешектерін енді бір айда қайтармақ.

Айта кетейік, биыл облыста бір ғана зауыт болуына байланысты қызылша 6 мың гектарға егілді. Бұл былтырғы көлемнің тең жартысы ғана.
Қайрат Көшенов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Енді қалған 30%-ы бойынша қазір жұмыс жүргізілуде. Ол үшін зауыт өзінің қантын форвардтық механизм бойынша Алматы қаласының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы келісімшартқа тұрып, соның есебінен осы қарызды төлеуге жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Бөлісу