Басты Жаңалықтар «Әскери баспана» жеңілдетілген ипотекасы қайта жанданады

«Әскери баспана» жеңілдетілген ипотекасы қайта жанданады

«Әскери баспана» жеңілдетілген ипотекасы қайта жанданады. Осылайша жыл сайын 7 мың сарбаз үйлі болады. Оң өзгерістер пәтер алу мүмкіндігін кеңейтіп, құрылыс саласының дамуына септігін тигізбек. Оған қоса арзандатылған ипотекалық несиелер қолжетімді бола түседі. Ол үшін «Наурыз», «Наурыз жұмыскер» бағдарламаларына қаралған қаржы 500 млрд теңгеге дейін ұлғаяды.

Баспанаға қатысты жаңа өзгерістер туралы толығырақ бейнематриалда.

«Әскери баспана» жеңілдетілген ипотекасы қайта жанданады. Осылайша жыл сайын 7 мың сарбаз үйлі болады. Оң өзгерістер пәтер алу мүмкіндігін кеңейтіп, құрылыс саласының дамуына септігін тигізбек. Оған қоса арзандатылған ипотекалық несиелер қолжетімді бола түседі. Ол үшін «Наурыз», «Наурыз жұмыскер» бағдарламаларына қаралған қаржы 500 млрд теңгеге дейін ұлғаяды.

«Әскери баспана» бағдарламасының қайта жандануын Асылзада Рахмет асыға күтті. Ақжолтай жаңалықты естігелі құжаттарын реттеуге кіріскен. Соңғы 7 жылда 5 пәтер ауыстырыпты. Қос перзентімен жиі көшіп-қонудан қажыдым дейді әскери офицер.

Асылзада Рахмет, әскери офицер:

Жаңалықты естіп, өте қуанып жатырмыз. Бала-шағамыздың қамын ойлап. Қазіргі таңда ұлым 9-сыныпта оқиды. Осы жылдары 4 мектеп ауыстырдық. Әскери баспанамен үй алсақ, бізге тұрақты үй, өзіміздің үйіміз-жайымыз болғаннан кейін қуанар едік.

 Тағы бір жағымды жаңалық  - арзандатылған ипотекалық несие көлемі екі есе ұлғаяды. Ол «Наурыз», «Наурыз-жұмыскер» бағдарламалары арқылы жүзеге асады. Өтінім қабылдаудың жаңа кезеңі 2025 жылдың қарашасында басталуы мүмкін. Қазір «Отбасы банк» жобаға қатысу шарттарын қарауға кіріскен. 

Ләззат Ибрагимова,  «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы:

Қазір оның механизмдерін ойластырып жатырмыз. Жаңа конкурсқа өтінімдер қабылдауды бастаймыз немесе наурыз айында қатысқан, бірақ шарттарға сай келмегендерді қайта қарастырамыз.

 Биыл «Наурыз-жұмыскер» бағдарламасына 33 мың үміткер өтінім беріп, оның 8 мыңы баспаналы болды. Жаңа өзгерістер тұрғындарға үй алу мүмкіндігін арттырып, құрылыс қарқынын күшейтпек. Бағаны тұрақтандыру үшін құрылыс компанияларымен үш жылдық оффтейк-келісімшарттар жасалады. Құжатта алдағы үш жылда бағаны тұрақты ұстап тұру шарты көрсетілген.

Жеңіс Шәріпұлы, тұрғын үй саласының сарапшысы:

Құрылысшылар тек қана несиеден басқа, үй салуға да үкіметтен қаражат сұрайды. Сонда ғана бізде лимиттер болуы мүмкін. Немесе үйдің құрылысын бастаған кезде бағаны аздап көтеріп, өзінің инфляциясын қосып, сондай бір бағада әзірлейді. 

Елімізде 1 миллионға жуық адам үй кезегінде тұр. Сарапшылардың пікірінше, жеңілдетілген несие бағдарламалары бұл көрсеткішті азайтуға сеп.  Сондай-ақ құрылыс нарығындағы баға өсімінің де алдын алады.

Бөлісу