Экономист: 16% ҚҚС орта кәсіптің дамуына сеп болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономист: 16% ҚҚС орта кәсіптің дамуына сеп болады

18.03.2025

Қосылған құн салығы 16 пайыз болса, ол орта бизнес секторының дамуына алып келеді. Сарапшы Айбар Олжайдың пайымы – осы. Қазір жаңа Салық кодексі Мәжілісте қаралып жатыр. Оған сай қосылған құн салығына 10 және 16 пайыздық шкалалар енгізілмек. Ал агроөндірістік кешен қосылған құн салығынан босатылады. Үкіметтің мұндағы басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласына шетелдік инвесторларды көптеп тарту. Сондай-ақ отандық азық-түлік бағасының тұрақты болуына септігін тигізеді деген үміт бар. Бүгінде еліміздегі барлық бизнестің тек 4 пайызы ғана ҚҚС төлейді. Енді жаңа норма қолдау тапса, бизнестің кемінде тең жартысы салық төлеуге міндеттеледі. Бұл орта бизнес секторының дамуына алып келеді дейді қаржы мамандары.

Айбар Олжай, сарапшы:

Бұған дейін болған салық режимінде кішкентай бизнестен орта бизнеске көшсеңіз, сіздің салығыңыз өсетін. Сондықтан кішкентай бизнестің өсу стимулы болмайтын. Мысалы кәсіпкерлер 1 ірі орта бизнес ұстағанша, 10 кіші бизнес ұстағанды жөн көретін. Өйткені салық бойынша кемінде 7-8% үнемдейтін. Енді бизнеске қандай көлемде болса да, салықтың бәрі бірдей болатындықтан, әрине орта кәсіпорындар көбейеді. Ал экономика дамуының негізгі тірегі – орта кәсіпорындар.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу