Атом энергетикасындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады.
Кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақ перспективалары талқыланды. Президент Қазақстанның бұл саладағы даму жоспарларын таныстырып, Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Сондай-ақ, Қытайдың атом энергетикасындағы тәжірибесіне еліміздің қызығушылық білдіретінін айтты.
Шэнь Яньфэн компанияның Қытайдағы және шетелдегі жобалары жөнінде баяндады. Әңгімелесу барысында озық технологияларды зерделеу және қазақстандық мамандарды оқыту бағытында ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03