Қытайдың ірі бизнесі Алатау қаласына инвестиция салуға ниетті. Премьер-министр Олжас Бектенов «Инжиниринг» компаниясының басшысы Ли Хайсинмен жаңа шаһардағы жобаларды іске асыру келешегін талқылады.
Ли Хайсин Алатау қаласының көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар ұсынысын айтты. «Орта дәлізді» дамыту аясындағы ынтымаққа назар аударды.
Өз кезегінде Олжас Бектенов Үкімет инвесторларға қолайлы жағдай жасауға басымдық береді деді. Соңғы алты жылда Қазақстанға 130 млрд доллар қаржы тартылғанын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік мекемелерге инвестициялық ұсынысты егжей-тегжейлі пысықтау тапсырылды.
Шерхан Жамбылұлы
