Елімізде ғылыммен айналысып жүргендердің 56%, яғни 12 мыңы әйелдер. Ғылыми дәреже алған қыз-келіншектер қатары жыл сайын артып келеді, - дейді мамандар. Бүгін Алматыда Ұлттық Ғылым академиясының озық ғылыми жетістіктерге қол жеткізген ғалымдары марапатталды. Айта кетерлігі, Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш әйел-академик, көрнекті физиолог, Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі қоғам қайраткері Наила Базанова атындағы төсбелгі алғаш рет беріліп отыр. Бұл марапат ғылымдағы әйелдердің көрнекті жетістіктері мен ғылым саласының дамуына қосқан айырықша үлесі үшін табысталды.
Сәуле Айдарова, академик, химия ғылымдарының докторы:
Бізді бағалап отырғанына рақмет айтамыз! Бұл әрине, өте жақсы, осы үрдісті ары қарай жалғастырып, ғылымда көп жас қыз-келіншектерді ынталандыруға өте үлкен үлесін қосады деп ойлаймын.
Қуан Нұрақын
