Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мәселесі қаралды. Негізгі міндеті – макроэкономикалық тұрақтылықты жақсарту. Отырыста ақша-несие саясаты мен экономиканы арттырудың тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар, бюджеттік ережелерді сақтау, жеке сектордың экономикадағы рөлін күшейту және қаржы саласындағы тәуекелдерді азайту мәселелері қарастырылды.
Шерхан Жамбылұлы
