Алматыда «Алтын адам» мұрасын әлемге танытқан ғалымның көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Алтын адам» мұрасын әлемге танытқан ғалымның көрмесі ашылды

06.03.2025

Алматыда «Алтын адам» мұрасын кванттық физика арқылы әлемге танытқан ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды. Оған ғалымның қолжазбалары, еңбектері, жеке заттары мен суреттері қойылған. Шара барысында «Алтын адам мұрасы» көптомдығы таныстырылды. Мағрипа Жылқыбаева Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» жазуларын 30 жыл зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан әлемдегі тұңғыш физик. Көрменің ашылу рәсіміне Мағрипа Жылқыбаеваның қызы мен шәкірттері келіп, ғалымның еңбегі туралы сөз қозғады.

Шапағат Жылқыбаева, Мағрипа Жылқыбаеваның қызы:

Жалпы, ғылымның 31 саласы бойынша Алтын адамның мұрасын қазақ тілінде қағазға түсірді. Оның бірнеше томы кітап болып шықты.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу