Ел беделін арттыратын іс-шараларға бөлінген қаржы өзін ақтайды
Ұлттық экономика министрінің орынбасары Үкімет отырысынан кейін өткен брифингке осылай деді. Арман Қасеновтың сөзінше, имидждік шараларға кететін шығын бюджеттің 0,01% ғана. Ауқымды форумдар көбіне демеушілердің қолдауымен өтеді, дейді вице-министр. Ал одан түскен инвестициялық табыс едәуір қомақты. Шетел инвесторлары жыл сайын ел экономикасына 20 млрд доллар қаржы құяды. Сондай-ақ ол былтыр мұндай шараларға бөлінген қаражаттан 400 млрд теңге қысқартылғанын айтты.
Арман Қасенов, Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
Инвестицияның дені дәл осы іс-шаралардың арқасында тартылды. Осындай кездесулер барысында қазақстандық компаниялар бірқатар экспорттық келісімдер жасасады. Егер шетелдік инвестицияларды бір күнге шақсақ, онда Қазақстанға күн сайын орта есеппен 50 миллион доллар инвестиция құйылады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58