Павлодарда «Достық трамвайы» жолға шықты
Павлодарда дәл қазір «Достық трамвайы» жолға шықты. Көліктің бұл түрі қаланың барлық бөлігі мен шағын аудандарын, тіпті, өндірістік аумақтарды да басып өтеді.
Бұл - күнде маршрут бойынша жүретін емес, «Достық» деп ат берілген, сәні де, салтанаты да бөлек трамвай. Яғни татулық пен ынтымақтастықты ұран еткен «Достық керуені» жолға шықты. Бұл жерде әр этностың әні де бар, жолаушыға ұсынылатын дәмі де бар. Бүгін дәл осы трамвайға әр ұлттық бірлестік өкілдері кезекпен мініп арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынады. Ынтымақ бар жерде қашанда ырыс болады. Сондықтан сан ұлттың басын біріктіріп, айрандай ұйытып отырған қазақ халқына этнос өкілдерінің айтар алғысы шексіз!
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58