Павлодар облысында баласына қарамаған 200 ата-ана жауапқа тартылды
Павлодар облысында кәмелеттік жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта «қыдыруы» жиілеп кетті. Мәселен өткен жылы өздері ұйықтап, ал «еркетотайын» еркімен жіберіп қойған 284 ата-ана жауапқа тартылды. Биылғы статистика тіпті жаға ұстатады. Соңғы екі айда өз баласына ие бола алмаған 200 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген. Мәселенің алдын-алуға енді полиция ғана емес, «Аманат» партиясы филиалының «Жастар қанаты» белсенділері де атсалысты. Кеше тараптар бірлесіп, ойын-сауық нысандары мен компьютерлік клубтарда рейд өткізді. Бұл бір реттік емес, апта сайын өтіп тұратын шара ретінде белгіленді.
Рада Прохорова, учаскелік инспектор:
Түнгі уақытта жұмыс істеп тұрған нысандардың әкімшілері мен иелері «Кәмелеттік жасқа толмаған балаға ата-анасы немесе басқа бір жақын адамынсыз сағат 22:00-ден кейін үйден шығуға заңмен тыйым салынғанын білмейміз» деп ақталады. Сондықтан арнайы рейд ұйымдастырып, оларға тек ескерту жасап жүрміз. Жастардың бізбен бірге болғаны – ақпараттандыру жұмысының сапасын жақсартады. Ең бастысы түнде жүру балаға қауіпті ғой. Сол жағынан үлкен көмек бұл.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58