Генетикалық сараптаманың арқасында 8 жыл бұрынғы қылмыс ашылды
Сегіз жыл бұрын жасалған аса ауыр қылмыстың беті молекулярлық-генетикалық сараптаманың арқасында ашылды. Ақмола облысының тұрғыны шетелге аттанғалы тұрған жерінен ұсталды. Ол 2017 жылы Аршалы кентіндегі 78 жастағы қарияның өліміне қатысы бар күдікті ретінде танылған. Ол кезде кінәсі дәлелденбеді. Ал осы жолы оның қан үлгілері сол қылмыстан айғақ ретінде алынған пышақтағы биологиялық материалмен сәйкес болып шықты. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58