Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

26.02.2025

Астанада «Жұлдызай» және «Аяулым» қаржы пирамидаларын ұйымдастырғандарға үкім шықты. Күдіктілер өздерін әлеуметтік желілерде табысты кәсіпкер ретінде таныстырып, тендерге қатысу арқылы тез табыс табу схемасын ұсынған. Инвестиция құю үшін 1 млн теңге сұратқан. 40 күн ішінде табыс 90% асады деп сендірген. Сондай-ақ салымшылар әр жаңа қатысушы үшін 10% қосымша пайда алған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 60 адам тартылып, шығын 490 млн теңгеден асқан. Сонымен қатар күдіктілердің бірі салымшылардың қаражаты есебінен елорданың премиум санатындағы тұрғын үй кешенінен 69 млн теңгеге пәтер мен автотұрақ сатып алған. Тергеу басталғанын білген соң мүлікті үшінші тарапқа рәсімдеп үлгерген.

Ержан Тайжан, қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Тергеу барысында күдіктілер жәбірленушілерге 72 млн теңге көлемінде шығынды өтеді. Сот үкімімен қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары «Қаржы пирамидасын құру және басқару» және «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру» бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған пәтер мен автотұрақ тәркіленіп, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін берілді.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу