«Таза Қазақстан»: Болашақ ұрпақ үшін табиғатымызды сақтаймыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: Болашақ ұрпақ үшін табиғатымызды сақтаймыз

«Таза Қазақстан»: Болашақ ұрпақ үшін табиғатымызды сақтаймыз

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ақмола облысының Біржан сал ауданында аймақ жастарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мақсат - жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Ауданда туризм жақсы дамып келе жатқандықтан, елдімекендердің тазалығына үлкен мән беріледі. Акция аясында «Жасыл ел» жастар жасағының 300-дей өкілі елдімекендерді қоқыстан тазартуға белсенді қатысып жүр. Жалпы, экологиялық акция аясында елдімекеннен 450 тонна қоқыс шығарылды.

Мейіргүл Аяғанова, Біржан сал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы:

Былтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, орман шаруашылығының қызметкерлері және де бірқатар мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бізде қаланың ішінде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмысы атқарылды. 

Бибінұр Әмірханқызы 

Бөлісу