Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады. Кездесуде сауда-экономика мәселелері сөз болды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы достық және одақтастық рухында дамып келе жатқанын айтты. Новак Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізді. Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.
Шерхан Жамбылұлы
