Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тауар айналымы былтыр 1,7 млрд долларға жетті. Тараптар алыс-берісті тағы ұлғайтуға мүдделі. Бүгін қос елдің Үкімет басшылары Астанада бас қосып, сауда-экономикалық байланысты нығайту үшін шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Бұл - Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиевтың Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, су-энергетикалық, туристік, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшылары екі ел арасындағы тауар айналымын 2030 жылға қарай 3 млрд долларға дейін жеткізу міндетін қойды. Үкіметтер осы міндетті іске асыру бағытында жұмысты жалғастыруда. Соңғы 15 жылда Қазақстанның қырғыз экономикасына құйған инвестиция көлемі 1,3 млрд долларға ұлғайды. Үкіметтер осы міндетті іске асыру бағытында жұмысты жалғастыруда.
Былтыр өзара жүк тасымалы 19 пайызға өсіп, 2,4 млн тоннаға жетті. Алыс-берісті арттыру үшін шекарадан жүк өткізуге арналған рұқсат құжаттарын электронды форматқа көшіру көзделген. Сондай-ақ тағы бір көлік өткізу бекеті салынады.
Алматыдан Ыстықкөлге төте жол салынады
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
Оған қоса үлкен бір талқыланып отырған мәселе бұл – Алматыдан Ыстықкөлге салынатын төте жол. Қазіргі Алматыдан Ыстықкөлге бару үшін 460 шақырым жол жүру керек болса, енді Ұзынағаштан әрі қарай арнайы жол салу көзделіп отыр. Ол жолдың жалпы ұзындығы 90 шақырым болады.
Айя Мүтәлі
