Ақмола облысында тазартылмаған жол үшін 65 лауазымды тұлға жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақмола облысында тазартылмаған жол үшін 65 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Ақмола облысында тазартылмаған жол үшін 65 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Жол апаттарының алдын-алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық іс-шарасы аясында ақмолалық полицейлер екі күнде 10 лауазымды тұлғаны жауапқа тартты. Облыс бойынша 24 тексеріс ұйымдастырылған. Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен елдімекендегі көше жолдары мұқият тексерілді. Нәтижесінде жолды тазартпаған коммуналдық қызмет басшылары да жазаланды. Жыл басынан бері полиция 65 лауазымды тұлғаны жауапқа тартты. 

Бибінұр Әмірханқызы

Бөлісу