Алматыда алғаш рет жастардың жаһандық форумы өтуде
Алматыда ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының алғашқы жаһандық жастар форумы өтіп жатыр. Шараға әлемнің 60-қа жуық елінен 150-ден аса сарапшы қатысуда. Жиналғандар жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жасанды интеллектіні пайдалану этикасын талқылады. Форум аясында ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтары жастарының 2025-2030 жылдарға арналған жол картасы қабылданды. Бұл құжат 94 елдегі 5 000-нан аса ұйымның стратегиялық даму бағыттарын анықтап, жастардың мүмкіндіктерін нығайтады, - дейді сарапшылар.
Мұхаммед Әлфарнавани, ЮНЕСКО-ның Африкадағы басымдықтарды үйлестіру бөлімінің директоры:
Бұл форумға қатысу – жастарға үлкен мүмкіндік береді. Өйткені форумға әлемнің түпкір-түпкірінен, әсіресе Африка аймағынан келген жастар да қатысып жатыр. Бұл ЮНЕСКО ұйымы үшін, жастардың әлеуетін арттырып, болашағын құру жолындағы маңызды шаралардың бірі деп айтар едім.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда алғашқы заманауи өнер мұражайы ашылды
10.09.2025, 10:29

Солтүстік Аралды сақтап қалу жобасының екінші кезеңі басталмақ
10.09.2025, 10:28
Импортқа тәуелділікті азайту – стратегиялық міндет
10.09.2025, 10:26
Жолдау: Президент транзиттік тасымал көлемін арттыруды тапсырды
10.09.2025, 10:25
«AMANAT» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
10.09.2025, 10:23
Цифрлық штаб жолдауды орындау үшін бірқатар шешім қабылдады
10.09.2025, 10:21
Францияда жаңа премьер-министр тағайындалды
10.09.2025, 10:20
Израильдің соққысынан Дохада «Хамастың» 5 мүшесі мерт болды
10.09.2025, 10:18