«Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кеніші Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан. Жезқазғаннан 180 шақырым қашықтықтағы бұл кеніште жылына 130 мың тоннадан аса кен шығарылады. Мұнда мыс пен күміс өндіріледі. Кеніш 2006 жылы пайдалануға берілген. «Қазақмыстың» ресми сайтында 2020 жылғы ақпарат көрсетілген. Онда кеніште 987 адам жұмыс істейді деп жазылған.
Азамат Бейбітұлы
