Полиция: Түрмеде туған күнін тойлағандар жазаланады
Түрмеде туған күн тойлағандар жазаланады. Шерзат Полатты өлтірді деген күдікпен қамауда отырғандардың әрекетіне қатысты облыстық полиция департаментінің өкілдері осылай деді. Қазір аталған факт бойынша жан-жақты тексеру жүріп жатыр. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында түсірілген.
Еске салайын, былтыр 4 қазанға қараған түні талғарлық Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқан еді. Осы іс бойынша 11 күдікті қамауға алынған.
Мейрам Әбікеев, облыстық ПД басшысы:
Барлық кінәлі тұлға, соның ішінде басшылық қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Осы құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданған.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда алғашқы заманауи өнер мұражайы ашылды
10.09.2025, 10:29

Солтүстік Аралды сақтап қалу жобасының екінші кезеңі басталмақ
10.09.2025, 10:28
Импортқа тәуелділікті азайту – стратегиялық міндет
10.09.2025, 10:26
Жолдау: Президент транзиттік тасымал көлемін арттыруды тапсырды
10.09.2025, 10:25
«AMANAT» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
10.09.2025, 10:23
Цифрлық штаб жолдауды орындау үшін бірқатар шешім қабылдады
10.09.2025, 10:21
Францияда жаңа премьер-министр тағайындалды
10.09.2025, 10:20
Израильдің соққысынан Дохада «Хамастың» 5 мүшесі мерт болды
10.09.2025, 10:18