Боччашыларға халықаралық жаттықтырушылар шеберлік сабақтарын өткізді
Астанада қазақстандық боччашылардың оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Отандық параспортшылар мен жаттықтырушыларға Корея және Тайланд елдерінен келген белгілі халықаралық мамандар жаттығу өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде. Бүгін параатлеттердің жаттығуына Парламент Сенатының Төрағасы – Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев арнайы барды. Боччадан практикалық семинар-тренингке еліміздің әр өңірден келген 16 спортшы мен жаттықтырушы, 9 өңірлік федерацияның басшылары қатысып жатыр. Сенат Төрағасы елімізде боччамен айналысқысы келетіндер қатары көбейгенін, отандық спортшылардың дайындық сапасы да арта түскенін атап өтті.
Чол Хён Квон, Боччадан халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы:
Мен 15 жылдан астам уақыттан бері боччадан жаттықтырушымын. Бұл менің оқу семинарын өткізу бойынша Қазақстанға екінші сапарым. Осыдан екі жыл бұрын осында алғаш келген едім. Сол кезде қазақстандық бочча спортшыларының ынта-жігері мен құлшынысын көріп таң қалдым. Сондықтан семинарды екінші рет өткізу туралы шақырту алғанда қатты қуандым.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58