Астанада «Адал адам – адал еңбек» жастар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Адал адам – адал еңбек» жастар форумы өтті

14.02.2025

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Адал адам – адал еңбек» жастар форумы өтті. Президенттік орталықта өткен форумның мақсаты – жұмысшы мамандығын жетік меңгерген азаматтарды жастарға үлгі ету, еңбек адамына құрмет көрсету. Қыркүйектен бастап колледжерге әр маманды дайындауға бөлінетін бюджет қаражаты екі есе артады. Ал кейінгі 3 жылда барлық мемлекет меншігіндегі колледждер жаңа материалдық базамен жабдықталады.

Серік Сыдықов, ҚР Президенттік орталық директорының орынбасары:

Әртүрлі ірі өнеркәсіп орындарының өкілдері, солардың басшылары келіп жас мамандармен пікір алмасып, жұмысшы мамандықтардың қаншалықты қадірлі, қаншалықты қажетті екендігін талқылайтын болады. Сонымен қатар бұл шараға астанадағы жұмысшы мамандығын әзірлеп жатқан колледждердің оқушылары, сол колледждердің мамандары шақырылған.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу