Павлодарлық жастар үстел ойынын ойлап тапты
Павлодарлық жастар «Экологиялық серуен» атты үстел ойынын ойлап тапты. Зияткерлік ойын экологиялық сауаттылықты арттыруға, қоршаған ортаға саналы және ұқыпты қарауға үндейді. Жастар тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау негіздерімен ойын түрінде танысты. Сонымен қатар адамның табиғатқа әсері жайында білді. Бірнеше кезеңнен тұратын ойын барысында жастар қалдықтарды қайта өңдеу мен өңдеуге келмейтін материалдарды ажырата білуді үйренді.
Милана Құлатаева, волонтерлар орталығының инспекторы:
Біз бұл ойынды әлі жетілдіреміз. Ересек адамдарға арналған нұсқасын күрделендіре түсеміз. Картаның ауқымын кеңейтеміз деп ойлаймын. Бұл ойын табиғатпен астасып жатыр. Қоршаған орта, оның ішінде ұшы қиыры жоқ жазық даламыз, өзен-көлдеріміз, ормандарымыз туралы кеңінен мағлұмат беріледі.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58