Депутат елге смартфондарды әкелуге шектеу енгізуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Депутат елге смартфондарды әкелуге шектеу енгізуді ұсынды

Депутат елге смартфондарды әкелуге шектеу енгізуді ұсынды

Былтыр мобильді құрылғылардың 64 пайызы заңсыз әкелінген. Соның кесірінен мемлекетке 100 млрд теңге салық түспеді. Осыны желеу еткен Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева елге смартфондарды әкелуді шектеуді ұсынды. Ал заңсыз әкелінген және тіркелмеген смартфондарды бұғаттау қажет деді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алғашқы қадам жасағанын жеткізді. Заңсыз құрылғыларды анықтайтын тетік жоқ деп отыр.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Шекарадан өту кезінде салықсыз көбірек телефондар әкелу үшін басқа біреудің немесе жалған төлқұжатты пайдаланады. Сонымен қатар ұялы байланыс құрылғыларын есепке алу үшін қосымша бақылау маркерлерін ойлап табудың қажеті жоқ. Оларды өндірушілер өз еркімен IMEI кодтары түрінде құрылғыға енгізеді. Оны салыстыру үшін халықаралық мәліметтер базасы бар.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Бөлісу