Қазақстанда «шетелдік агенттер» туралы заң қабылдануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстанда «шетелдік агенттер» туралы заң қабылдануы мүмкін

Қазақстанда «шетелдік агенттер» туралы заң қабылдануы мүмкін

Депутат «шетелдік агенттер» туралы заң қабылдауды ұсынды.  Депутат Ирина Смирнова бүгін осындай ұсыныс айтып, Үкімет басшысына сауал жолдады. «Бұл шын саяси мүдделерін жасырып, қоғамға теріс әсер етіп жүрген шетелдік ұйымдармен күресуге бағытталған қадам», - дейді депутат. Оның дерегінше, қазір елімізде 200-ге жуық үкіметтік емес ұйымды шетелден қаржыландырады. Қаражаттың дені АҚШ-тан түседі. Осы орайда депутат Илон Масктің өзі кейбір БАҚ-ты жабуды ұсынғанын мысал етті. Сондай-ақ «шетелдік агенттер» туралы заңды бұған дейін Израиль, Қытай, Аустралия, Ұлыбритания және Франция елдері қабылдағанын жеткізді.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Шетелдік ұйымдардың қызметін айқындайтын ұлттық заңнама әзірлеу қажет. Алайда бұл тізімге гуманитарлық және ғылыми ұйымдарды қосудың қажеті жоқ. Бұл тәсіл ұлттық мүддені қорғауға мүмкіндік береді. Салауатты азаматтық қоғамды қудалауға жол берілмейді. Біздің басты мақсатымыз – қазақстандықтарға бөтен құндылықтарды танып, насихаттауға, оны тәуелсіз журналистика деп атауға жол бермеуіміз керек.

Айя Мүтәлі

Автор
Айя Мүтәлі
Бөлісу