Жыл басынан бері Павлодарда синтетикалық есірткі бизнесіне қатысты 14 қылмыстық іс қозғалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері Павлодарда синтетикалық есірткі бизнесіне қатысты 14 қылмыстық іс қозғалған

12.02.2025

Павлодарда жыл басынан бері синтетикалық есірткі бизнесіне қатысты 14 қылмыстық іс қозғалған. 7 жасөспірім жауапқа тартылды. Сондай-ақ аймақта алаяқтардың жастардың атына есепшот ашу, олардың ақшасын аудару үшін жеке деректерін пайдалану оқиғасы көбейіп кетті. Өкінішке қарай, жастар қандайда бір қылмысқа сыбайлас болып жатқанын өздері де білмей қалады, дейді мамандар. Сондықтаң өңірдегі құқық қорғау органдары ЖОО мен колледждерде құқықтық сауатты арттыру үшін арнайы акцияны бастады.

Ирина Темірғалиева, ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы:

Әр адам білуі тиіс өзекті мәселе – алаяқтардың арбауына түсіп қалмау. Одан бөлек есірткі түйіршектерін жасырып кету немесе сол есірткінің дәмін татуға көне салу жастар арасында көбейіп барады. Сондықтан біз әр оқу орнында осындай кездесу ұйымдастырамыз. Бұл - прокуратура, полиция, Экономикалық қылмыстарды тергеу басқармасы өкілдерімен бірлесіп қолға алған шара.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу