![«Мың бала» ұлттық олимпиадасына өтінім қабылдау басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2025/2/11/1739277362698.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Республикалық «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Білім бәйгесіне тіркелу 10 наурызға дейін жалғасады. 6 жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан білім додасында биыл бірқатар өзгеріс бар. Енді онлайн тестілеу әділ өту үшін ұйымдастырушылар аудио тыңдалым арқылы оқушыны қадағалап отырады.
Абылайхан Қайроллаев, олимпиадалық даярлау бөлімінің басшысы:
1-кезеңде оқушылар математикалық сауат бойынша 40 сұрақтан тұратын тест тапсырады. 2-кезеңде математикалық сауат, тағы да қазақ тілі, ағылшын тілі және жаратылыстанудан тест тапсырады. Олимпиаданың 1-кезеңі сәуір айының 1-10, 2-кезеңі 26-28 аралығында өтеді, мамыр айында жеңімпаздарды анықтаймыз.
Олимпиадаға еліміздің барлық елдімекеніндегі 6-сынып оқушылары тегін қатыса алады. Тестілеу онлайн өтеді. 2 кезеңнен де сүрінбей өткен мың бала Республикамыздың дарынды балаларға арналған мектептерінде оқиды. Былтыр «Мың бала» олимпиадасына 83 мың оқушы қатысты. Оның мыңы жеңімпаз атанды. 5 жылда ауылдардан 5 мың жеңімпаз қалаға көшіп, еліміздің жетекші мектептерінде білім алып жатыр.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Мың бала» ұлттық олимпиадасына өтінім қабылдау басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/206657/)