Қосылған құн салығының мөлшерін арттыру мәселесі қоғамда қызу талқыланып жүр. Сарапшылар «Бұл ұсыныс отандық өндіріс саласының дамуын тежеп, бәсекеге қабілетсіз етеді», - дейді. Салықтың артуы тек бизнеске салмақ түсірмейді, тұтынушының да қалтасын қағады. Себебі салықтың шығындарын жабу үшін тауардың бағасы көтеріледі. Ал бұл жағдай экономикаға теріс әсерін тигізеді.
Көкшетаулық сарапшының пікірінше, салық кодексін өзгеріссіз қалдыруға да болмайды. Себебі елдің сыртқы қарызы мөлшерден тыс көбейіп кетті. Ал бюджетті толықтыру үшін қосылған құн салығын бірден 20 пайызға емес, біртіндеп көтеру керек, - дейді.
Талғат Демесінов, экономика ғылымдарының кандидаты:
Қосылған құн салығын бірден 12 проценттен 20 процентке өсіруге болмайды. Экономист ретінде айтар едім, тіпті өсіру қажеттілігі туындап тұрса, 16 процентпен шектелген дұрыс. 12 процентті қалдырса, әрине ол бюджеттің толығуына қиындау болады. Қазірдің өзінде республикалық бюджеттің тапшылығы 5,6 трлн теңгеден асып кетті. Кіріс бөлігі шығыс бөлігінен 5,6 трлн теңгеге аз.
Бибінұр Әмірханқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сарапшы: Құн салығын бірден емес, біртіндеп көтеру керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/206644/)