Басты Жаңалықтар Жаңа құрылыс кодексі тұрғындарға қажетті инфрақұрылымды реттеуді міндеттейді

Жаңа құрылыс кодексі тұрғындарға қажетті инфрақұрылымды реттеуді міндеттейді

«Құрылыс кодексін» егжей-тегжейлі талқылау қарқынды жүріп жатыр. Аптасына 1 рет жұмыс тобының жиыны өтеді. Бүгінге дейін заңды жақсартуға бағытталған 630 ұсыныс түскен. «Құрылыс кодексінің» мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігі» дейді депутаттар. Яғни жаңа заң жай ғана тұрғын үй салып қоймай, тұрғындарға қажетті инфрақұрылымды реттеуді міндеттейді. Айналасында мектеп, балабақша, емхана мен дүкендер қатар орналасуы тиіс. Сондай-ақ, саланы толығымен цифрландыру көзделіп отыр. Осылайша «Е-құрылыс» порталында азаматтарға толығымен ашық ақпарат жарияланады.

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қалаларда құрылысты реттеуіміз керек. Әйтеуір бос жерде әкімдермен келісіп, үй сала беру немесе әлеуметтік нысандарды салмай, тек қана саудаға шығаратын үй салу, қауіпсіздік, көгалдандыру мәселесі, азаматтарға демалу, жүріп-тұруына қатысты мәселелерді қарау тапсырылды. Әрине мемлекеттік бақылауды күшейту керек. Бірақ мемлекеттік бақылауды күшейткен кезде осы салада, нарықта жұмыс істеп жүрген компаниялардың да құқығын ескеруіміз керек.

Ақниет Балтанова


Бөлісу